Вице-министр коронавирус туралы: Екі тәулік вагоннан жүк түсіргендей сезімдемін

750

Біржан Нұрымбетовтің орынбасары оқшауланды.

Вице-министр коронавирус туралы: Екі тәулік вагоннан жүк түсіргендей сезімдемін

Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ерлан Әукенов әлеуметтік желі арқылы өзінің COVID-19 індетін жұқтырғанын мәлімдеп, алғашқы әсерімен бөлісті.

"Бүгін мен тапсырған тест індетті растады. Вирус маған да жетіпті. Әсері жағымды деп айтуға келмейді. Оқшау жатып емделмекпін. Осыдан 3-4 күн бұрын ғана науқастанған таныстардан қалай болатынын сұрап едім. Енді соның бәрін өз басымнан өткеріп жатырмын. Ауру белгілері әркімге әрқалай әсер етенінін ескеру маңызды. Бүгін мен оны ерекше байқадым. Құдды бір екі тәулік бойы вагоннан жүк түсіріп немесе бірнеше гектар жерге картоп егіп келгендей сезімдемін. Басынан өткендер түсінеді. Тест қорытындысы шыққанша екі күн бойы күдікпен жүрдім. Кімнен жұққанын да білмеймін. Мәселе онда да емес, барынша сақтанып едім, ол шаралар тек мерзімін шегеріп келген екен. Ал жұмысты қашықтан атқара беремін. Zoom нсыз да жұмыс кабинетім сияқты болып кетті ғой", – деп жазды ол өз парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу