Вице-министр қыста көкөністердің қымбаттау себебін түсіндірді

657

Вице-министр қыста көкөністердің қымбаттау себебін түсіндірді

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Нұржан Әлтаев қысқы уақытта көкөністердің қымбаттау себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ең алдымен, вице-министр "Ауыл шауашылығы министрлігінің басты міндеті сауда саласындағы бағаны реттеу емес, ауыл шаруашылығын дамыту екенін" атап өтті.

"Экзотикалық елдермен салыстырғанда, біз егін өсіруге көбірек шығын жұмсаймыз. Ол елдерде қыстың болмауы да өзіндік құнға елеулі әсер етеді. Оның үстіне, маусымаралық уақытта көкөністерді жылыжайда өсіреміз - бұл да өлшеусіз шығын. Қысқы уақытта көкөністердің қымбаттауы дәстүрге айналып кетті", - деп жазды вице-министр.

Нұржан Әлтаевтың айтуынша, елдегі көкөніс бағаларының қымбаттауына Ресейдегі жоғары баға да ықпал етеді. Себебі, оңтүстік өңірлердегі жылыжай өнімдері түгелдей дерлік сонда жөнелтіледі.

"Бұл ештеңе істемеу керек деген сөз емес. Министрлік қысқы уақытта көкөніспен қамтамасыз ету шараларын атқаруда. Бағаны біз реттемейміз. Біз тек қана өндіріске ықпал ете аламыз", - деп атап өтті ол.

Вице-министр қысқы уақытты халықты көкөніспен қамтамасыз ету бойынша мекеме қабылдайтын бірқатар шараларды атап көрсетті, ең алдымен бұл жаңа жылыжай шаруашылықтарын құруға қолдау көрсету және т.б. Қазір министрлік әр облыс орталығында көтерме-тарату орталықтарының жүйесін құру бойынша жаңа жобаны әзірлеуде. Бұл көкөністермен қамтамасыз етуге және олардың бағасын арзандатуға едәуір септігін тигізбек.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу