Вице-министр мен басқарма басшыларына партиялық жаза қолданылуы мүмкін

829

Nur Otan партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен ұлттық экономика министрлігі "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын тиісінше жүзеге асырған жоқ деген байлам жасалды.  

Вице-министр мен басқарма басшыларына партиялық жаза қолданылуы мүмкін

Еңбек вице-министрі Ержан Біржановқа "ескерту" түріндегі партиялық жауапкершілікке тарту,  сондай-ақ Қарағанды, Түркістан облыстарындағы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары Әсем Жүніспекова мен Әсия Темірбаеваға "ескертпе" түріндегі партиялық жаза қолдану ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Басқосу барысында қос министрлікке жұмыспен қамту бағдарламасын бағалау әдістемесін әзірлеу, бекіту, оны ғылыми ортада талқылау және жыл сайын бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелерін ашық ақпарат көздерінде жариялау міндетін жүктеу бастамасы көтерілді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу