Оның айтуынша, бізде дағдарыс құбылыстарына арналған Ұлттық қор дейтін "қауіпсіздік қапшығы" бар. Басқа да көздер бар.
Бірақ, вице-министр соншалық бір үлкен дағдарыс болады деп ойламайтынын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Қазір теңгенің қанша пайызға әлсірейтінін айтуға әлі ерте. Иә, біздегі инфляцияның негізгі көздерінің бірі – солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясы. Бірақ басқа елдермен де жұмыс істеп жатырмыз. Экспорттың көбі Еуропа мен Батыс елдеріне, Қытайға бағытталатынын білесіздер. Бұл елдермен өзара доллармен есеп айырысамыз, – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу