Вице-министр жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттарын таныстырды

168

Кейбір төлем түрлері біріктіріледі. 

Вице-министр жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттарын таныстырды Фото: gov.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттарын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысы өзінің Жолдауларында салық жүйесін реформалау жөнінде тапсырмалар берді. Үкіметке нақты міндеттер қойылды. Салық Кодексінің ең түйткілді тұсы ретінде салықтық әкімшілендіру толық жаңарту қажеттігін толық атап өтті. Сондықтан жаңа Салық кодексінде салықтық әкімшілігіне баса назар аударылды. Әкімшілендірудің сервистік моделі енгізіледі. Салық есептілігі қысқартылады. Бақылау цифрландырылады. Сонымен бірге арнаулы салық режимдері оңтайландырылады. Бизнесті бөлшектеу тәуекелдерін азайту бойынша шаралар қабылданды. Сараланған салық мөлшерлемелеріне көшу, салықтар мен төлемдердің санын 20 пайызға азайту, салық жеңілдіктерін 20 пайызға қысқарту тапсырылды", – деді вице-министр Сенатта өткен дөңгелек үстелде. 

Азамат Әмрин салықтарға жеке тоқталды.

"Біз маңызды фискалдық қайтарым жоқ төлемдерді қысқартуды ұсынамыз.  Олардың кейбіреулері біріктіріледі. Бізде 12 салық халықаралық тәжірибеге сай келеді. Тек жер салығы табыс салығының мәнін қайталайды. Сондықтан оны жою және жеке табыс салығына аудару ұсынылады. Яғни, шаруа және фермер қожалықтары үшін режимнің өзі сақталады. Тек төлем тағайындау коды өзгереді. 11 төлемнің екеуін алып тастауға ұсынылады", – деді  вице-министр.

Айтуынша, бұл сыртқы жарнаманы орналастыру және жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдалану төлемі.

Бұдан бөлек үш төлемді біріктіру ұсынылып отыр. Оған табиғи ресурстарды, су ресурстарын, орманды және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу