Вице-министрдің журналистер сұрағына жауап бере алмағаны өкінішті – Әлихан Смайылов

1469

Премьер-Министр Әлихан Смайылов үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырды. 

Вице-министрдің журналистер сұрағына жауап бере алмағаны өкінішті – Әлихан Смайылов

"Ажар Ғиниятқызы (денсаулық сақтау министрі – авт.), өткен аптада орынбасарыңыздың қатысуымен брифинг өтті. Денсаулық сақтау вице-министрінің журналистердің сұрақтарына нақты жауап бере алмағаны өкінішті. Осыған назар аударуыңызды сұраймын. Мұндай жағдайлар үкіметтің жұмысына кері әсерін береді. Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырамын. Біз қоғамға ашық болуымыз қажет. Әрбір шешімді дұрыс түсіндіру, қоғаммен ақылдаса отырып қабылдау – үкіметтің негізгі міндеті", – деді премьер-министр бүгінгі үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу