Вице-премьер Павлодар облысында қандай нысандарды аралады?

773

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Вице-премьер Павлодар облысында қандай нысандарды аралады?

Сапар барысында Үкімет басшысының орынбасары кәсіпорындар мен инфрақұрылым объектілерінде болып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен танысты.

Павлодарда Роман Скляр республикалық магистральдің Павлодар мен Семей арасындағы учаскесінің реконструкциясымен танысып, жауапты мекемелердің есебін тыңдады. Ол көлік инфрақұрылымының барлық сапа стандартын қамтамасыз ете отырып, жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды. 

Сонымен қатар вице-премьерге "Достық" ықшам ауданындағы тұрғын үй құрылысынын қалай салынып жатқаны көрсетілді. Бүгінде жаңа шағын ауданда 5 тұрғын үй пайдалануға берілген.

Жұмыс сапарының соңында Роман Скляр аймақта электр және жылу энергетикасын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу