Вице-министр шығыстағы су тасқынына дайындық барысын тексерді

167

Сапар барысында гидрологиялық жағдай мен сел учаскелерінің жай-күйін анықтау үшін су айдындарына аэровизуалды мониторинг жүргізілді.

Вице-министр шығыстағы су тасқынына дайындық барысын тексерді Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының су тасқыны қаупі бар учаскелерін қарап шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол Алтай, Үлкен Нарын, Катонқарағай және Шемонаиха аудандарының су тасқыны қаупі бар учаскелелеріне барды. Онда су тасқынының алдын алу бойынша орындалған инженерлік жұмыстармен танысты.

ШҚО ТЖД бастығы Рашид Біләлов күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндады, ал аудан әкімдіктері су басудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Өңірде 28 инженерлік іс-шара орындалды. "ШҚО әкімінің ахуалдық орталығы" ақпараттық жүйесінде су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізудің бірыңғай кешені жұмыс істейді, ақпараттық жүйесінде гидрологиялық мониторинг үшін ГАЖ-модулі және болжау құралдары енгізілген.

Жүйе 49 гидробекеттер бойынша 7 күндік болжам жасайды, тәуекелдерді ерте анықтауға және алдын ала шара қабылдауға мүмкіндік береді.

"Су тасқынына қарсы іс-шаралар барлық қызметтердің уақытылы және үйлесімді жұмысын талап етеді. Басты міндет – халық пен инфрақұрылым үшін тәуекелдерді барынша азайту. Барлық қажетті инженерлік құрылыстардың ықтимал су тасқынына, ал шұғыл қызметтердің жедел ден қоюға дайын болуы маңызды. Біз жағдайға мониторинг жүргізіп, жергілікті жерлерде іс- қимылды үйлестіреміз", – деп атап өтті вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу