VII қаржыгерлер конгресі өтіп жатыр

1430

 VII қаржыгерлер конгресі өтіп жатыр

Дәл осы айтулы күн қарсаңында, Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк үш тағанды даму жоспарын ұсынды. Олар: жүйелілік, ашықтық және болжамдық ұстанымдары. Егер осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болса, 2020 жылға қарай инфляцияны 4%-ға дейін түсіруге болады. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан қаржыгерлер конгресінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

"Орталық банк басшысының айтуынша, елдегі қаржылық несиелік саясатты күшейту арқылы қаржы секторындағы шығындарды азайту көзделуде. Мысалы, РБК бакін сауықтыру үшін өтелмеген несиені банктің өзге кредиторлармен бөліп төлеуді ұсынылды".

Сондай ақ, қаржыгерлер конгресінде киберқауіпсіздік, макрэкономикалық тәуекелер, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі талқыланып жатыр. Ал шараның екінші бөлімінде мамандар қор биржасының даму бағыттарын сөз ететін болады. Оған қор нарығының қатысушылары, Эмитенттер, сарапшылар өз ұсыныстарын айту үшін арнайы шақырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу