Есеп комиссиясының төрағасы Мұхтар Ерманның баяндауынша, Мәжіліс депутаттарына 100 бюллетень таратылған. Дауыс беру жәшігін ашқан кезде осы бюллетеньннің бәрі болған, жарамсызы болған жоқ.
"100 бюллетеньнің бәрі Нұрлан Нығматулинге дауыс берген", – дейді Есеп комиссиясының төрағасы.
Сонымен,VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің төрағасы болып Нұрлан Нығматулин сайланды.
Пленарлық отырыста сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы: "Бұл - мен үшін үлкен жауапкершілік. Мен алдыма қойған міндеттерді жоғары деңгейде орындау үшін, сайлаушылардың үмітін ақтау үшін барлық білімім мен тәжірибемді жұмсаймын", - деді.
Қымбат Нұрғал