Виктор Цойдың құжаттары бәссаудаға қойылады

832

Виктор Цойға қатысты төрт лот сатылымға шығады.

Виктор Цойдың құжаттары бәссаудаға қойылады

Виктор Цойдың достарының телефон нөмірі жазылған ескі дәптер мен екі әннің сирек қолжазбасы сатылымға шығарылады, сатылым 26 қыркүйекте болады, деп хабарлайды aikyn.kz.

Виктор Цойға қатысты төрт лот сатылымға шығады.

"Литфонд" аукцион үйінің бас директоры Сергей Бурмистровтың айтуынша, Цойдың мұрағатынан табылады деп күтпеген өте сирек құжаттар қолға түскен. Мәселен, оның жеке кеңес одағынан келе жатқан төлқұжаты бар. Бастапқы сатылым бағасы - 2,5 миллион рубль.

Екіншісі – телефон жазбасы, оның ішінде Цойдың жақын араласқан танымал достарының аты-жөндері мен нөмірлері сақталған.

Тағы бір мұрағаты ол әндерінің сирек қолжазбасы. Оның ішінде бір әні әлі жарыққа шықпаған, ал екінші әні басқа басылымда танымал екен.

Телефон нөмір жазылған ескі дәптері 500 мың рубльге, ән жазбасы 250 мыңға бағаланып отыр.  

Сирек жазбаларды тауып алған адамның бауыры кезінде Виктор Цоймен бірге бір мұғалімнен музыкадан сабақ алған. Сөйтіп, олардың араластығы басталған. Арасында музыканттың өзі үйге келіп, гитарада ойнап кететін. Сондай күннің бірінде ол сол үйге құжаттарын ұмытып кетеді. Құжат 7 жылдан кейін тоңазытқыштың артынан табылады. Ал ол кезде Цоймен байланыс үзілген, ол 1988 жылы әскерге кеткен болатын.

Бұған дейін Avito сайтында Виктор Цойдың паспорты мен жеке құжаттары сатылатыны жайлы хабарлама жариялап, бастапқы бағасын  3,5 миллион рубльға бағалаған, біздіңше, 18,5 млн теңгеге шығады. Алайда, құжат иесі хабарламаны өшіріп, аукцион үйімен байланысқа шыққанын және әр құжат жеке сатылымға түсетінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу