Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович Der Spiegel басылымына Украинадан қалай қашқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Gazeta.ru.
Оның айтуынша, Мелитополь түбінде қарулы бір топ адам оны тоқтатуға тиіс болған.
"Екі ауыр пулеметпен қаруланған 100-ге тарта адам көліктерді тоқтатып, бәрімізді атып тастамақ болды", – деді ол.
Ол бұл қауіпті жағдайдан алдын-ала хабардар болғандықтан аман қалғанын айтады. Янукович 45 жыл отасқан жұбайы Людмиламен ажырасқанын да тілге тиек етті. Қазір ол бұрынғы жеке аспазының әпкесімен бірге тұрып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу