Ынтымақтастықты ұзарту компаниялар арасындағы 2012 жылы басталған серіктестік қатынастардың өзара сенімділігін растайды.
2022 жылдың тамызында жаңа келісімге қол қойылды. Ол 2032 жылға дейін есептелген. Серіктестіктің нәтижесінде тиімді заманауи бизнес құру, fashion-индустрияның негізгі ойыншыларымен берік қарым-қатынас орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.
Нью-Йорктегі бесінші даңғылда әйгілі әрі әлемдегі танымал "Saks Fifth Avenue" мультибренд дүкені одан әрі қарай да Қазақстан халқын бай ассортиментімен, қызмет көрсетудің жоғары деңгейімен қуанта бермек. Түрлі бөлімдерді қамтитын үш деңгейлі мультибренд дүкені Алматыдағы "Esentai Mall" сауда орталығында орналасқан. "VILED" компаниясының бұл жобасының бір бөлігіне Gucci, Loro Piana, Brunello Cucinelli, Saint Laurent және Dolce & Gabbana сияқты әлемдік сәнді брендтер бутиктері кіреді.