Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Конада (Гавайи, АҚШ) өткен Ironman бойынша әлем чемпионатында өз жас дәрежесінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Винокуров 45-49 жас аралығындағы дәрежеде қатысты. Бірінші кезеңде ол 3,8 км қашықтықты 1:09:06 уақытта жүзіп өтті. Веложарыста 180 қашықтықты 4:21:06 уақытта бағындырып, бірінші сатыға көтерілді. Жүгіру кезеңінде қазақстандық спортшы көшбасшылықты сақтап, мәреге бірінші болып жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу