VIP-зал: ШҚО әкімдігі Өскемен әуежайымен 1,5 млн теңгеге келісімшарт жасасты

783

Қаражат облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінді.

VIP-зал: ШҚО әкімдігі Өскемен әуежайымен 1,5 млн теңгеге келісімшарт жасасты Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының іс басқармасы жыл бойы Өскемен әуежайының VIP-залында қызмет алу үшін қаражат бөлді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мемлекеттік мекеме мен әуежай арасында келісімшарт жасалды. Әкімдік бұған қаражатты "облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша ақша бөлген. Сома – 1,5 млн теңге.

Goszakup.gov.kz порталындағы осы құжатқа сүйенсек, арнайы залда кімдерге қызмет көрсетілетінін мемлекеттік мекеме шешеді деп көрсетілген. Залда облысқа келушілер де, облыстан кетушілер де болуы мүмкін.

Мердігер, яғни облыс орталығының әуежайы авиациялық, өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын, объектішілік режимді және жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарын сақтауға міндеттенеді.

Айта кетейік, құжат өте сараң жазылған. Толық ақпарат алу мүмкін емес. Мысалы, 3 сәуірде көрсетілген қызметке 75 мың теңге төленген. Бұл соманың ішіне нендей қызмет түрлері кірген ашылып жазылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу