Виртуалды мобильді байланыс операторының нарық көлемі 88 млрд долларға жетті

574

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10% артық. 

Виртуалды мобильді байланыс операторының нарық көлемі 88 млрд долларға жетті Фото: google.com

10 жыл ішінде бұл көрсеткіш 2,5 есеге жуық өсті, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап. 

Виртуалды мобильді байланыс операторы немесе MVNO (Mobile Virtual Network Operator) – өз маркасымен байланыс қызметтерін ұсынатын, бірақ басқа оператордың инфрақұрылымында жұмыс істейтін ұялы байланыс операторы.

Ресурстың жазуынша, 2012 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде MVNO абоненттерінің саны 63%-ға артқан. 

Қазақстанда 3 виртуалды ұялы байланыс операторы бар. Оларға сандық ұялы байланыс операторы IZI, банк секторындағы екі MVNO – Jusan Mobile брендімен Jusan Bank және ForteMobile брендімен ForteBank кіреді. 

Дүние жүзінде банк секторындағы виртуалды операторлар 2000 жылдардың екінші жартысында дами бастады. MVNO-мен жұмыс істеген алғашқы банк – BancoPosta (Италия). Қаржы институты ұлттық MVNO нарығының 50%-дан астамын аз уақытта жинаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу