"Вирус ешқайда кеткен жоқ"

687

Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Макен сауда орындарына маскасыз келгендердің кіруіне тыйым салынатынын хабарлады.

"Вирус ешқайда кеткен жоқ"

Елорда әкімдігінде базарлар, сауда үйлері, сауда және ойын-сауық орталықтары өкілдерімен қауіпсіздік пен санитария нормаларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Макен жұмыс орындарын дезинфекциялауға ерекше назар аудару қажетін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Карантин шаралары жағдайды тұрақтандыруға және науқастар санын азайтуға мүмкіндік берді. Карантин режимі алынғаннан кейін кәсіпкерорындар өз жұмыстарын қайта жалғастыра алады. Бірақ карантин біртіндеп алынғаннан кейін босаңсуға болмайды, өйткені вирус ешқайда кеткен жоқ. Алда күз – ЖРВИ маусымы. Дәрігерлер мен медицина мекемелеріне ауыртпалық түседі. Сондықтан жаппай вирус жұқтырудың алдын алу үшін қатаң санитария нормаларын сақтау қажет. Бірінші кезекте кәсіпкерлік нысандары. Кіре берісте антисептик, дезинфекция құралдары болуы, сатушылар маска мен қолғап кию керек. Ғимарат ішінде бір уақытта адамдардың көп болуын шектеп, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Әлеуметтік қашықтық белгілері орнатылып, міндетті түрде маска тағу туралы ескертпелер жасалуы керек", – деді елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Макен.

Сонымен қатар бизнес нысандарының иелері желдету жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, қызметкерлерге санитария нормаларын сақтаудың маңызы туралы нұсқау беруі керек. Санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес кәсіпорындардың басшылары жұмысшылардың денсаулығына жауапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу