Вирус жұқтырдым деп күдіктенгендер кезекші топқа қоңырау шалатын болады

765

24-7 режимімен жұмыс істейтін топ құрылады.

Вирус жұқтырдым деп күдіктенгендер кезекші топқа қоңырау шалатын болады

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық басшысының орынбасары Махаббат Бекбосынова жедел жәрдем қызметіне келетін қоңыраулардың санын қандай жолмен азайтатындарын айтты.

"Біздің сарапшылар тобы 24/7 режимімен жұмыс істейтін амбулаториялық топ құруды ұсынып отыр. Яғни, алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем деңгейіндегі кезекшілік қызмет құрылады деген сөз. Бұл топтағы мамандарға адамдар тәулік бойы хабарласып, коронавирустың жеңіл және симптомсыз түрлері бойынша телефон арқылы кеңес алады. Жалпы жедел жәрдем шұғыл жағдайларға және ең ауыр жағдайдағы науқастарға әрекет етуі керек екенін тағы да еске салғым келеді. Мұндай шара ел аумағында жедел жәрдем қызметінің шексіз жүктемесін азайтады деген үмітпен жасалып отыр. Бұдан бөлек науқастарды аумақ бойынша бекіту принципі басшылыққа алынбақ. Өз басымда ондай жағдай болды. 7 адамы бар отбасыны қарауым керек болған. Барсам, 2 адамы бір клиникада, қалған екі адамы тағы басқа клиникада, қалған 3 адам мүлде бөлек ауданда тіркелген болып шықты. Мұндай ретсіздік мониторинг жүргізу кезінде үлкен кедергі тудырады. Жалпы өзіңіз тұрып жатқан аумақтағы клиникаға бекітілудің маңызы осындайда көрінеді. Сондықтан бір отбасы нақты бір емханаға бекітілген әлдеқайда жүйелі болады", – деді ол.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу