Вирус жұқтырғандар саны жағынан Нұр-Сұлтан қаласы көш басында тұр

858

Коронавирус Қазақстанда тіркелгелі 186711 адам індетке ілігіп, 167914 науқас жазылып шыққан. Ал қайтыс болғандардың саны – 2476. Бұл – сараптама қорытындысымен вирус бары дәлелденген азаматтардың саны. 

Вирус жұқтырғандар саны жағынан Нұр-Сұлтан қаласы көш басында тұр

Вирус басталғалы науқасқа шалдыққандардың саны жағынан Нұр-Сұлтан қаласы көш басында тұр. Бас шаһарда бүгінге дейін 22223 адам ауырған. Бұл статистика coronavirus2020.kz сайтында жарияланған.

Ал Қазақстандағы коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы бүгінгі күнгі, яғни 31 қаңтардағы ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда 27 794 адам короновирус инфекциясынан (16 248 КВИ+ және 11 546 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 393 пациент стационарда, 21 401 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 
КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:
• 254 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу