Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі – ер азаматтар

654

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусты жұқтыру жағдайы төмендеудің орнына өршіп келеді. 

Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі – ер азаматтар

Биылғы 13 наурыз бен 10 желтоқсан аралығында 16 880 адам вирус жұқтырған. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есе жоғары және 100 мың халыққа шаққанда 1461,2-ні құраған.

"16 880 жағдайдың 416-сы – сырттан келген, 11534-сі жергілікті тұрғындардан анықталса, 4930-сі сырқаттанғандармен байланыста болған адамдар. Бүгінгі күні 23 934 адам карантиннен алынды, 15 583 адам емделіп шықты, 340 адам қайтыс болды, 837 адам стационарлық және амбулаториялық ем қабылдауда", – дейді елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева.

Бас қалада тәулігіне ауру белгісі бар 50-ден 120-ға жуық адам тіркеледі екен. Вирус жұқтырғандардың арасында ер азаматтар басым, олардың үлес салмағы ауырғандардың 55,3% құрайды.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу