Вирусқа қарсы антибиотиктерге рецепт жазу жеңілдетілді

1656

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 індетіне қарсы антибиотиктерге рецепт жазу тәртібін оңайлатты. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты.

Вирусқа қарсы антибиотиктерге рецепт жазу жеңілдетілді

"Жазғы карантин кезінде азаматтар рецепт жазғызып, дәрі-дәрмек алу проблемасына тап болғанын білесіздер. Оның ішінде емханалардың қашықтан жұмыс істемеуіне байланысты, тағы да басқа себептерге байланысты осындай проблема туындаған. Осыны есептей отырып, министрлік тарапынан рецептерді жазып беру және есепке қағидаларын жаңадан бекітіп, соған жаңа қосымшалар енгізді. Ол 7 қарашадан бастап күшіне енді. Бұл қағидада былай деп аталған: Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде рецепті қағаз түрінде  жазып беру мүмкін болмаған жағдайда электрондық түрде рецепт жазуға не пациенттің және дәрігердің тегі мен аты-жөнін, сондай-ақ электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, дәрігердің жұмыс орнын көрсете отырып, электрондық түрде тағайындауға жол беріледі. Бұл дегеніміз өткендегідей рецептер уақытында жазылмай қалуын болдырмай, рецептпен берілетін вирусқа қарсы антибиотиктерді, болмаса басқа да дәрі-дәрмектерді уақтылы алуға жол береді", – деді комитет өкілі.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу