Вирустық шабуылдан келген шығын 1 миллиард доллардан асты

960

 Вирустық шабуылдан келген шығын 1 миллиард доллардан асты

Таяуда WannaCry вирусын пайдалана отырып, windows операциялық жүйесі бар компьютерлерге жасалған кибер шабуыл 1 млрд доллардан асатын шығынға әкеп соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 мамыр күні басталған кибершабуылдың салдарынан бір аптаға толмай шамамен 150 елден 300 мыңға жуық компьютер зақымданды. Сонымен қатар, америкалық мамандар болашақта осыған ұқсас әрекетті хакерлер тарапынан өткізуді жоспарлап отыр.

"Дүниежүзі бойынша ірі ұйымдардағы өндірістің тежелуінің көлемімен алғанда, WannaCry тарапынан төрт күн ішінде жасалған шығын 1 млрд доллардан асты", - дейді KnowBe4 компаниясының басшысы Стью Сбюверман.

Shadow Brokers лақап атын жамылған хакерлер тобы өткен жылы-ақ хакерлік шабуылға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін (БЖ) жасады. Хакерлердің мәлімдеуінше, бұл жүйе АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі тарапынан құрылған.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу