Вирустың мутациясы анықталды

1220

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бақылауды күшейтуді тапсырды. Бұл міндет әкімдерге жүктелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Вирустың мутациясы анықталды

Оның айтуынша, еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы айда коронавирус инфекциясымен ауру көрсеткіші 1,7 есе төмендеді. 

"Әлемде, оның ішінде көршілес елдерде науқастар саны көбейіп жатыр. 
Коронавирус инфекциясының жаңа штаммдары жедел тарап жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген скринингтің алдын ала нәтижесі вирустың мутациясын анықтады, ол "дельта" штамына тән екенін көрсетіп отыр. Осыған байланысты өңір әкімдерінен эпидемиологиялық ахуалды бақылауды күшейтуді сұраймыз. Босаңсуға ешқандай негіз жоқ", – деді премьер-министрдің орынбасары. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу