Visa, Mastercard және JPMorgan: Хакерлер 16 мың клиенттің жеке деректерін жариялады

383

Бұл ақпаратты Euronews телеарнасы хабарлады.

Visa, Mastercard және JPMorgan: Хакерлер 16 мың клиенттің жеке деректерін жариялады Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Шабуыл компанияларға қызмет көрсететін үшінші тараптың жүйесі арқылы жасалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Visa, Mastercard және JPMorgan Chase клиенттеріне қатысты хакерлік шабуыл жасалып, маркетингтік деректерді ұрланды. Одан кейін даркнетте жарияланған.

Киберқылмыскерлер компаниялардан ұрланған ақпаратты қайтару үшін 48 сағат ішінде ақша талап етіп, бопсалаған. Алайда төлем жасалмаған соң, қолды болған деректерді интернеттің жасырын сегментіне орналастырған.

Тергеу нәтижесі бойына шабуылдаушылар қызмет көрсетуші компанияларда сақталған кейбір маркетингтік деректерге қол жеткізген. Олардың арасында клиенттердің аты-жөні мен электрондық пошта мекенжайлары болуы мүмкін.

"Компанияға қызмет көрсететін үшінші тараптардың кибершабуыл нысанына айналғанын білдік", – деп жазды америкалық JPMorgan Chase банкі X әлеуметтік желісінде.

Банк қаржылық ақпараттың ұрланбағанын және өз қызметтерінің жұмысына шабуыл әсер етпегенін мәлімдеді.

AFP хабарлауынша, шабуылға n0n деп аталатын хакерлік топ жауапкершілікті өз мойнына алған. Оны киберқауіпсіздікпен айналысатын SOCRadar компаниясы анықтаған.

Компания дерегінше, топ Ресейден шыққан және биыл қыркүйек айында пайда болған. Хакерлер әлем бойынша 200-ге жуық компанияның жүйесін бұзғанын мәлімдейді.

Visa компаниясы шабуыл туралы ақпараттан хабардар екенін мәлімдеді. Оқиға Азия-Тынық мұхиты аймағында жұмыс істейтін қызмет көрсетушіге қатысты болған. Компанияның өз жүйелеріне шабуыл жасалмаған, төлем деректері, соның ішінде банк карталарының нөмірлері ұрланбаған.

Mastercard та шабуыл салдарынан белгілі бір жеңілдіктер бағдарламасына қатысатын карта иелерінің төлемге қатысы жоқ шектеулі көлемдегі ақпараты жария болғанын хабарлады. Қазір компания зардап шеккен клиенттерге қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін қызмет жеткізушімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу