28 жастағы ер адам әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өзін сенімді делдал ретінде таныстырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Азаматтарға Түркияға виза рәсімдеуге көмектесетінін айтып, қызметін ұсынғаны анықталды. Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, құжаттарды дайындау және виза рәсімдеу шығындарын сылтауратып, алдын ала ақша алған. Алайда күдікті уәде еткен қызметін орындамаған", – делінген ақпаратта.
Полиция мәліметінше, ақшаны алғаннан кейін түрлі сылтаулар айтып уақыт созып, кейін байланысқа шығуды мүлдем тоқтатқан. Нәтижесінде жәбірленушіге 600 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға интернет арқылы ұсынылатын қызметтерге ерекше сақтықпен қарауды ескертеді.