Визаға өтініш берушілердің сұхбат күнін күтіп отырғанынан хабардармыз – АҚШ елшілігі

788

АҚШ өкілдігі 2020 жылдың 19 наурызында жарамды болған немесе 2020 жылдың 19 наурызы мен 2020 жылдың 2 желтоқсан аралығында төленген иммигранттық емес виза түбіртектерінің (MRV алымы) қолданылу мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстандағы АҚШ елшілігінің сайтына сілтеме жасап.

Визаға өтініш берушілердің сұхбат күнін күтіп отырғанынан хабардармыз – АҚШ елшілігі

"Бұл шара консулдық операцияларды уақытша тоқтату кесірінен иммигранттық емес виза бойынша сұхбатқа жазыла алмаған өтініш берушілерге қосымша төлемсіз сұхбатқа жазылуға мүмкіндік береді. 2020 жылдың 2 желтоқсанында немесе одан кейін төленген төлем тура бір жылға жарамды", - деп жазылған консулдық сайтында.

"Мерзімі өтіп кеткен DV-2020 визалары жаңа визамен алмастырылмайды, дегенмен Гомес v. Трамп сот ісінің ұйғарымымен DV-2020 визасын алған адамдар АҚШ-қа мерзімі өткен визамен бара алады, өйткені сот бұл визаларды Прокламация-10014 күшін жойған күні берілген визалар ретінде қарастыру керектігі туралы шешім шығарды. Сот бұл визалардың қанша уақытқа дейін жарамды болып саналатындығын нақтыламады. Сондықтан шешімге тікелей қатысы бар адамдар мүмкіндігінше тезірек сот шешімін пайдаланып АҚШ-қа барулары керек себебі сот шешімі немесе визалардың жарамдылық мерзімі өзгеруі мүмкін", - деп ескертілген.

Толығырақ мәліметті елшілік сайтынан білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу