Визасыз келген шетел азаматтары Қазақстанда 30 күн бола алады - ІІМ

656

Шетелдіктердің елімізге келіп-кету ережелеріне өзгерістер енгізілді.  

Визасыз келген шетел азаматтары Қазақстанда 30 күн бола алады - ІІМ Фото: КазТАГ

Елімізде 27 қаңтардан бастап жаңартылған көші-қон ережелері күшіне енді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстанға визасыз келген шетелдіктер елде 30 күн бола алады. Бірақ алты ай ішінде олардың жалпы болу мерзімі 90 күннен аспауы керек. Ал, Қазақстанға келген ЕАЭО азаматтары сәйкесінше 180 күн ішінде 90 күннен аспайды. Ереженің бұрынғы редакциясында бұл мәселе реттелмеген, шетелдіктер елде болу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстаннан тыс жерлерге барып, сол арқылы "елде болу мерзімін жаңарту арқылы" қайта кіре алатын еді", - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Оның сөзінше, елде болуды шектейтін бұл ережелер уақытша тұруға немесе визаға рұқсатты рәсімдеген шетелдіктер үшін қолданылмайды.

"Ереже "Халықтың көші-қоны туралы" Заңның 6-бабына сәйкес келтірілген. Қазақстанға кірген кезде елде болудың белгіленген мерзімінен асып кету дерегі анықталса, Шекара қызметі "Халықтың көші-қоны туралы" Заңның 48-бабына сәйкес елге кіруді шектейді", - деп атап өтті ведомство өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу