Былтыр елге 15,3 миллион адам келген

165

Қазақстанға 87 елдің азаматы визасыз, тағы 107 елдің тұрғындары электронды визамен кіре алады.

Былтыр елге 15,3 миллион адам келген Фото: premiumtravel.kz

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жазғы маусым қарсаңында туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығы ең маңызды мәселе болып отыр. Туристің жолы әуежайдан басталып, қонақ үй, мейрамхана мен туристік нысандарға дейін жалғасады. Осы аралықта әрбір кезеңде қолайлы жағдай жасалу қажет. Соңғы жылдары Қазақстан шетелдік туристер үшін анағұрлым ашық елге айналды. Бүгінде 87 елдің азаматы Қазақстанға визасыз, тағы 107 елдің азаматы электронды визамен кіре алады", – деді министр.

Ербол Мырзабосынов әуе қатынасы кеңейіп жатқанын айтты.

"Ашық аспан" саясатының арқасында өткен жылы 22 жаңа маршрут іске қосылды. Биыл тағы 32 маршрут жоспарланып отыр. 2024 жылы елге 15,3 миллион шетелден келген. Сондай-ақ, 10 миллионнан астам ішкі турист ел ішінде саяхаттаған", – деді ведомство басшысы.

Айта кету керек, бұған дейін заңсыз таксилерге тосқауыл қою үшін әуежайларда QR-код енгізілгенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу