Визасыз режим салдарынан Қытай азаматтары Қазақстанға ағылмайды - СІМ

1247

Екі ел арасындағы визасыз режимді тек туристік және іскерлік сапарлар үшін енгізілмек

Визасыз режим салдарынан Қытай азаматтары Қазақстанға ағылмайды - СІМ Фото: Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігі

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Келісім екі жаққа да жұмыс істейтін болады. Біздің еліміздің тұрғындары Қытайға визасыз еш алаңдамай 1 ай уақытқа бара алады. "Қытай азаматтары еліміздегі жұмыс орындарды тартып алады" деген қауесет шындыққа жанаспайды. Өйткені келісім тек туристік және іскерлік сапарлар үшін енгізілмек. Сонымен қатар құжаттың өзі әлі қол қойылмаған, - деді Айбек Смадияров.

Алдын ала ақпарат бойынша, бұл мәселе 1 ай ішінде шешілуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу