Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктеріне арасында визасыз режимнің орнауынан ел азаматтары жыл сайын шамамен 10 млн доллар үнемдейтін болады. Мұндай мәліметті Сыртқы істер министрлігі ел арасындағы жолаушылар ағымына байланысты есептеп шығарған. Ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов бір жылда Біріккен Араб Әмірліктеріне 100 мыңға тарта отандасымыз сапарлайтынын айтады. Олар тек виза үшін орташа есеппен 100 долларын шығындайды екен. Енді, әрбір жолаушы осыншама соммасы үнемдейтін болады. Айта кетейік, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз баруға жол ашатын құжатқа күні кеше екі елдің сыртқы істер министрлері қол
қойылған болатын. Оған сәйкес Әмірліктерде отандастарымыз 30 күн бойы визасыз еркін жүре алады. Сондай-ақ, бұл келісім екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынасқа жаңа серпін береді деп күтілуде.