Владимир Божко: "Сары" деңгей ертең жер сілкінісі болады деген сөз емес

974

Владимир Божко: "Сары" деңгей ертең жер сілкінісі болады деген сөз емес

Алматыда келесі аптада жер сілкінісі қайталануы мүмкін. Осыған байланысты сейсмологтар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қазір қауіптің "сары" деңгейі белгіленген. Мамандар зілзала қуаты шамамен 3-4 балды құрауы мүмкін, дейді. Алайда олар тұрғындарды абыржымауға шақырды. Әлгі тербелістер ешқандай қауіп тудырмайды, деп хабарлайды almaty.tv.  

"Сейсмоқауіпсіздік деңгейі "сарыға" көтерілді екен деп, халыққа өре түрегелудің еш қажеті жоқ. Тағы айтайын, "сары" деңгей ертең жер сілкінісі болады деген сөз емес. Ол тек құзырлы орындар мен сейсмологтардың жұмысын күшейтеді. Оған ақпараттарды жинау, тұрғындарды ескерту, бақылауды жиілету сынды жұмыстар кіреді. Қазір Қытайдан бізге тербелістер келіп жатыр. Сондықтан күшейтілген режимде жұмыс істейміз", - деді  Қазақстан республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко.

Осы тұста, Алматыға жұмыс сапарымен келген еліміздің парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко бірден төтенше жағдайлар және апат қаупін азайту орталығына ат басын бұрды. Өйткені, аталған ұйым осындай мәселелер жөнінде өзге елдермен тәжірибе алмасу үшін ашылған. Орталық қазір 50 шақты біріккен ұлттар ұйымының агенттіктерімен тығыз қарым-қатынас орнатыпты. Бұл табиғи құбылыстар, өрт пен жер сілкінісі кезінде жылдам қарекет етіп, алдын-ала анықтауды қолға алуды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу