Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко журналистерге депутаттардың еңбекақысы неге көтерілгенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды tengrinews.kz.
"Бұл шешім 4 жыл бұрын қабылданған. Алдымен министрліктер мен ведомстволар болған. 4 жыл өтті, 4 жылдан кейін ғана бізге қосты", – дейді Божко.
Сонымен бірге ол мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы бірдей болуы керек екенін айтады.
"Барлық саяси қызметкер бірдей айлық алуы керек. Барлық депутат саяси қызметкер қатарына кіреді. Сондықтан бұл шешімнің негізі бар деген ойдамын", – дейді депутат.
Айт кетейік, мұның алдында ақпарат құралдарында депутаттардың жалақысы көтерілгені жарияланған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу