Владимир Путин: Грузияға қарсы санкция жариялайтын ойым жоқ

857

Екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тележурналист айтқан бейәдеп сөздер сызат түсіріп, кейін әуе байланысы тоқтатылған болатын.

Владимир Путин: Грузияға қарсы санкция жариялайтын ойым жоқ

Ал Ресей Грузияға қарсы санкция салмайды. Владимир Путин осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

Естеріңізге сала кетейін, "Рустави-2"  телеарнасының жүргізушісі Георгий Габуния жексенбі күні болған эфирде Путинге тіл тигізіп, балағаттаған. Кейін әлеуметтік желілер арқылы арандату күшейіп, елде Ресейге және жергілікті үкіметке қарсы наразылық шерулері басталды. Грузия Президенті журналистің әрекеті үшін кешірім сұрап, Ресей үкіметінен оған мән бермеуді сұрады. Ал Кремль болса оны русофобтардың экстремистік сипатқа ие әрекеті деп бағалады. Дегенмен, журналисті сотқа сүйрейтін ойы жоқ. 

"Ресейге қарсы, орысқа қарсы әрекетті жасап жатқандар, ештеңенің мәнісіне бара бермейтіндер. Салдарынан Грузия мен оның халқы зардап шегеді. Бір адамның кесірінен,  қаншама адам шулап қалады. Грузияға қарсы санкция жариялайтын ойым жоқ. Халқын сыйлағандықтан, осындай шешім қабылдадым. Ғасырлар бойы қалыптасқан жақсы қарым-қатынасты бұзу негізсіз",– деді Путин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу