Владимир Путин Нұр-Сұлтанға бүгін келеді

610

Ал ертең Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысына қатысады. 

Владимир Путин Нұр-Сұлтанға бүгін келеді

Ресей президенті Владимир Путин бүгін Қазақстанға барады. Ертеңіне Нұр-Сұлтанда өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

Айта кетсек, Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысы ЕАЭО жөніндегі келісімге қол қойылудың 5 жылдығына орайластырылған.

Жиында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері мен одан әрі дамуының перспективалары, соның ішінде цифрлық күн тәртібі қарастырылмақ. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттары талқыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу