Владимир Путин Петербургтегі жарылысты теракт деп атады

677

Владимир Путин Петербургтегі жарылысты теракт деп атады

РФ президенті Владимир Путин Петербургте болған жарылысты терракт деп атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол федералдық қауіпсіздік қызметі басшысына берген тапсырмасында, қылмыскерлерді қолға түсірген жағдайда заң аясындағы іс-қимылдарға жүгіну керектігін, егер өмірге қауіп төндіретін жағдайда ешкімді тұтқынға алмай, лаңкестердің көзін жою керектігін айтты. 

"Кеше Санкт-Петербург қаласында террорлық акті болды, федералдық қызмет жуықта ғана тағы бір оқиғаның алдын алған болатын", - деді РФ президенті.

Соңғы деректер бойынша, Петербург қаласындағы Кондратьев даңғылындағы супермаркетте жарылыс болып, 13 адам зардап шеккен болатын, олардың сегізі қазір ауруханада жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу