Владимир Путин Ресей халқына ант берді

876

Владимир Путин Ресей халқына ант берді

Дүйсенбіден бастап премьер-министр жетекшілік еткен Ресей үкіметі өз жұмысын тоқтатты. Конституция бойынша бұл үдеріс мемлекет басшысын ұлықтау рәсімінен кейін автоматты түрде жүзеге асырылады, деп хабарлайды 24.kz. 

Владимир Путин үшін бұл – саяси мансап жолындағы төртінші инаугурация. Ол дәстүр бойынша Кремльде өтті. Рәсімнен бұрын Владимир Путин министрлер кабинетіне алғысын білдірді. Бұрынғы үкімет жаңа құрам жасақталғанша, қызметін жалғастыра бермек. Егер президент 7 мамыр күні премьер-министр лауазымына үміткерді ұсынса, Мемлекеттік дума 8 мамырда жаңа министрлер кабинетін кім басқаратыны туралы мәселені қарастыруды бастайды.

"Ресей Федерациясы президентінің өкілеттігін жүзеге асыру кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, мемлекеттің Конституциясын сақтауға және қорғауға ант етемін. Егемендік пен тәуелсіздікті, мемлекеттің қауіпсіздігін және тұтастығын қорғау үшін халыққа адал қызмет етемін", - дейді Путин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу