Владимир Путин: Санкция салды екен деп қорқып отырған Ресей жоқ

705

Владимир Путин: Санкция салды екен деп қорқып отырған Ресей жоқ

Ресей президенті Корей түбегінде тыныштық орнайтынына сенеді. Ол Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тарту туралы шешімін таңдана қабылдағанын жасырмады. Дегенмен қарусыздандырудың соңы Ливия мен Ирактағыдай болмай ма деп күдіктенеді. Сол үшін Путин маңызды қадам жасағалы отырған Пхеньянға салмақты кепілдікке қол жеткізбесе, оңай болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Atameken TV.

Қытай телеарнасына эксклюзивті сұхбат берген Владимир Путин Ресей мен Батыс елдері арасындағы саяси қарым-қатынас және Корей түбегіндегі мәселе туралы сауалдарға жауап берді. Оның айтуынша, орыстар санкция салдарынан зардап шекпейді. Қарымта қайтарған соң, АҚШ райынан қайтады деген пікірде.

"Батыспен қарым-қатынасымыз түзеледі деп үміттенемін. Дегенмен олар санкция салды екен деп қорқып отырған Ресей жоқ. Шектеу қойды екен деп,  тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде түскен даму жолымыздан бас тартпаймыз. Қысым көрсеткен соң орыстар бордай езіледі десе қателеседі", - деді Владимир Путин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу