Ресей президенті Владимир Путин ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің қазан айында Қытайға "Бір белдеу бір жол" форумына шақыруын қабылдады. Бұл туралы RT хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.
Осыған байланысты Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сапар күні уақтылы белгілі болады деп мәлімдеді.
"Қазір Президенттің Қытайға нақты сапар шегетіні белгілі, ал мерзімін уақыт келгенде хабарлаймыз", - деді Песков
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу