Владимир Путиннің өзі The Wall Street Journal тілшісін қамауға рұқсат берді

710

Эван Гершковичті қамауға алу ұсынысы РФ арнайы қызметіндегі "қаршығалардан" келіп түскен.  

Владимир Путиннің өзі The Wall Street Journal тілшісін қамауға рұқсат берді Фото: static.dw.com

Владимир Путин америкалық The Wall Street Journal басылымының тілшісі Эван Гершковичті тұтқындауды мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің дереккөздері Ресей президентінің бұл қадамды мақұлдауы "Кремльдегі қатал жақтастардың (Путиннің) ықпалының артуын көрсетеді" деп санайды. Вашингтонмен қарама-қайшылықты ушыға түскен және оны қалыпқа келтіру ендігәрі мүмкін болмайды".

Вашингтондағы еуропалық саясатты талдау орталығының президенті Алина Полякова Гершковичтің қамауға алынуы "АҚШ үшін ғана қатысты дүние емес, бүкіл Батыстың құлағына алтын сырға" деп санайды. "Бұл Путиннің пікірінше, тұрақты және сенімді қарым-қатынас жолдарының келмеске кеткені", - деп түсіндірді маман.

АҚШ азаматы Эван Гершковичтің Екатеринбургте ұсталғаны 30 наурызда белгілі болды. The Wall Street Journal тілшісі Мәскеудегі тергеу изоляторына жіберілді. Тергеу мәліметтері бойынша, ол әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының бірі туралы құпия ақпарат жинаған. Айыптаудың қыр-сыры толығымен ашылмады. 1986 жылдан бері Ресейде америкалық журналистің алғаш тұтқындалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу