Владимир Зеленский Елбасыны Украинаға шақырды

600

Кездесу барысында Елбасы Владимир Зеленскийді Украинаның Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Владимир Зеленский Елбасыны Украинаға шақырды

Кездесу барысында Елбасы Владимир Зеленскийді Украинаның Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Украинаның жаңалықтарын күнделікті қадағалап отырамын. Мен үшін сіздің еліңіздің орны ерекше. Бұл кезінде Украинада екі жыл оқығаным үшін ғана емес. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Украина президенттерімен жақын таныс болдым", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы оқиғаларға өз алаңдаушылығын білдірді.

Елбасы Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.

"Сіз сайлауда халықтың үлкен сеніміне ие болдыңыз. Жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндік бар", – деді Елбасы.

Өз кезегінде, Владимир Зеленский Украинаның Қазақстан Республикасын кең ауқымды мәселелер бойынша әрдайым қолдағанын атап өтті.

Келіссөздер барысында, В.Зеленский Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Нью-Йорк қаласында кездескенін айта келе, Елбасыны Украинаға шақырды.

Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы сауда-саттықты арттырып, қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу