Владимир Зеленский Қорғаныс министрін ауыстырды

821

Енді Украина Қорғаныс министрлігін Рүстем Умеров басқарады.

Владимир Зеленский Қорғаныс министрін ауыстырды Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Украина президенті Владимир Зеленский кешкі үндеуінде Алексей Резниковтың Қорғаныс министрі қызметінен босатылғанын растады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Осы аптада Парламенттен кадрлық шешім қабылдау сұралады. Енді соның нәтижесін хабарламақпын. Мен Украинаның қорғаныс министрін ауыстыруды шештім. Алексей Резников осы 550 күннен астам ауқымды соғыста аянбай еңбек етті. Министрлікке әскери және жалпы қоғаммен өзара іс - қимылдың жаңа тәсілдері мен басқа да форматтары қажет деп санаймын", - деді Украина басшысы.

Зеленскийдің айтуынша, Қорғаныс министрлігін Рүстем Умеров басқаруы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу