Владимир Зеленский отставкаға кетпейтінін мәлімдеді

358

Украина президенті елде сайлау өткізуге қатысты пікір білдірді.

Владимир Зеленский отставкаға кетпейтінін мәлімдеді Фото: BILD

Зеленский журналист Пирс Морганның Uncensored бағдарламасында қонақ болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Украина басшысы қызметінен кету ойында жоқ екенін растады.

"Әрине, жоқ. Бұл – менің жауапкершілігім", – деп жауап берді Зеленский журналистің сұрағына.

Саясаткер Дональд Трампты қоса алғанда, бірқатар тұлғаның сайлау өткізуге шақырғанына қарамастан, қазіргі жағдайда оны ұйымдастыру мүмкін емес екенін түсіндіріп өтті. Ол соғыс уақытында мемлекет қорғанысқа назар аударуы керек деп есептейді.

"Бізге сағат сайын шабуыл жасалып жатыр... Сондықтан қауіпсіздік тұрғысынан сайлау өткізу мүмкін емес", – деп түсіндірді В.Зеленский.

Украина президенті майданда жүрген сарбаздардың да сайлауға қатысу құқығы болуы керектігін айтты. Оның пікірінше, олар дауыс беруге бірінші кезекте мүмкіндік алуы тиіс.

"Біз сарбаздардың қатысуынсыз президентті сайлай алмаймыз. Өйткені олар өз өмірін қиып жатыр, тіпті қиғандары да бар. Дауыс беруге бірінші кезекте солардың құқығы болуы керек. Менің ойымша, бұл – әділетті", – деді ол.

Зеленскийдің президенттік өкілеттік мерзімі ресми түрде 2024 жылғы 20 мамырда аяқталды. Киев әскери жағдай аяқталғанға дейін сайлау өткізу мүмкін емес екенін алға тартып, сайлауды ұйымдастырмады.

Айта кетейік, 10 қазанда Трамп журналистермен әңгіме барысында Владимир Зеленский сайлау өткізуі керек екенін мәлімдеді. Сондай-ақ оның Украинадағы қақтығысты аяқтап, бейбіт келісімге қол жеткізуге бірнеше рет мүмкіндігі болғанын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу