Украина Президенті Владимир Зеленский ресми сапармен Румынияға барды, деп жазады inbusiness.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
"Бухарест, Румыния. Бізге ең қиын кезде қолдау білдірген, уақыт өте келе қолдауы артып жатқан мейірімді көршімізге ресми сапар", - делінген хабарламада.
Зеленский екі елдің "келіссөздері барысында талқыланатын тақырыптар баршылық" екенін мәлімдеді.
Оның сөзінше, Киев пен Бухарест қазірдің өзінде ынтымақтастықты жолға қойды.
Зеленский келіссөздер барысында қауіпсіздік саласындағы одан әрі өзара іс-қимыл, авиациялық және басқа қорғаныс коалицияларын дамыту, украиналық әуе қорғанысын күшейту, Қара теңіз аймағындағы жалпы қауіпсіздік, серіктестермен қарым-қатынас талқыланатынын жеткізді.
"Бұл сапар екі халыққа да пайда әкелмек", - деп қорытындылады Украина басшысы.