Владимир Зеленский Сауд Арабиясына Араб лигасының саммитіне келді

435

Украина президенті саммитте сөз сөйлеп, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед пен Салманмен кездесуді жоспарлап отыр.  

Владимир Зеленский Сауд Арабиясына Араб лигасының саммитіне келді Фото: orien.info

Владимир Зеленский Сауд Арабиясына Араб лигасының саммитіне келгенін жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Украина президенті саммитте сөз сөйлеп, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен кездесуді жоспарлап отыр.

Саммитте ол алдағы қыс маусымына Украинаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талқылауды жоспарлап отыр. Уақытша басып алынған территорияларды қайтару, Қырымның барлық саяси тұтқындарын, жалпы барлық тұтқындар мен заңсыз жер аударылғандарды босатуды көздейтін Киев ұсынған "Бейбітшілік формуласын" пысықтау жоспарланды.

Ол сондай-ақ Украинаның Қырымдағы мұсылман қауымдастығын қорғау тақырыбын қозғауға ниетті.

Зеленскийдің айтуынша, Украина делегациясына Қырым татар халқының жетекшісі Мұстафа Джемилев кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу