Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Владислав Челах заңнамаға сәйкес талаптардың бәрін орындап отыр. Оның рақымшылыққа ілігуіне қатысты қандай да бір материал қаралып жатқан жоқ", – деді Абай Қайырбеков Сенат кулуарында.
Арқанкерген шекара бекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін кінәлі деп танылған Владислав Челах өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.
Айта кету керек, бұған дейін Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдағанын жазған едік. Қазақстанда мыңдаған сотталушы рақымшылық алып, түрмеден шығатынын хабарлағанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу