Владислав Челахтың ісі қайта қаралады

980

Ол 2012 Арқанкерген" шекара бекетінде болған оқиғаға – 14 шекарашы мен бір орманшынының өліміне кінәлі ретінде өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.

Владислав Челахтың ісі қайта қаралады

Қазақстан Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы БҰҰ-ның адам құқы жөніндегі комитетінің шешіміне байланысты, өмір бойы түрмеге отыруға жаза кесілген бұрынғы шекарашы Владислав Челахтың ісін қайта қарайды. Бұл туралы Жоғарғы сотқа сілтемемен Интерфакс–Қазақстан хабарлады.

"БҰҰ-ның адам құқы жөніндегі комитетінің шешіміне байланысты Владислав Челахтан Жоғарғы сотқа ісін қайта қарау туралы өтініш келіп түсті. Осыған байланысты Қазақстан Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы оның ісін 22 қаңтар күні қайта қарайды", – деп хабарлады Жоғарғы сот баспасөз қызметі.  

2017 жылы Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов БҰҰ-ның адам құқы жөніндегі комитетінің Қазақстанды "азаматтық және саяси ережелер туралы халықаралық пактінің №14 бабын бұзып, Челахты әділетті және риясыз сот талқылауынан айырушы" ретінде таныды деген болатын. 

Еске сала кетсек, "Арқанкерген" шекара бекетінде 2012 жылдың 29 мамырында 14 шекарашы мен бір орманшынының мәйіті табылған еді. Арада біршама уақыт өткенде күдікті ретінде шекарашы  сарбаз Владислав Челах ұсталды. Сол жылдың желтоқсан айында сот оған қатаң тәртіптегі колонияда өмір бойы отыру жазасын кесті.  

Адвокат С.Сәрсенов сот барысында және одан кейін де Челахтың кінәсіздігін дәлелдемек болғанымен, Жоғарғы соттың қадағалаушы алқасы Челах ісіне қатысты үкімді, апелляциялық және кассациялық инстанциялардың қаулыларын өзгеріссіз қалдырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу