Өкінішке қарай, Қазақстан командасы барлық кездесуде жеңіліс тапты деп жазады Olympic.kz.
Топтағы соңғы ойында Қазақстан Қытайлық Тайпейге қарсылас атанған болатын. Екі команда арасындағы кездесуде тайпейліктер 3:1 есебімен жеңіске жетті (19-25; 25-11; 25-18; 25-19),
Осылайша, Игорь Никольченко жаттықтыратын қазақстандық волейболшылар "А" тобында ең соңғы орында қалды.
Иран, Катар, Қытай және Оңтүстік Корея командалары жартылай финалға өтті.
Айта кетелік, аталған лицензиялық турнирде Олимпиада ойындарының бір жолдамасы сарапқа салынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу