Волейбол: Қазақстанның әйелдер командасы Токио Олимпиадасына қатыспайды

1890

Волейболдан Қазақстан әйелдер командасы АҚШ-та өткен Токио Олимпиадасына іріктеу турнирін аяқтады. 

Волейбол: Қазақстанның әйелдер командасы Токио Олимпиадасына қатыспайды

Қазақстандықтар үш ойында да жеңіліс тауып, топта төртінші орында қалды, деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстандықтар соңғы кездесуде Болгария құрамасына 0:3 есебімен жол берді.

Бұған дейін біздің команда АҚШ пен Аргентинадан ұтылған болатын. Іріктеу турнирінде Токио Олимпиадасының жолдамасын америкалықтар иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу