Волейболдан әлем чемпионаты кейінге шегерілді

1027

 Әлем чемпионаты биыл Италияның Рим қаласында өтуге тиіс болатын.  

Волейболдан әлем чемпионаты кейінге шегерілді

Халықаралық волейбол федерациясы 2021 жылы өтетін жағажай волейболынан әлем чемпионатын 2022 жылға ауыстырды, деп хабарлайды Olympic.kz халықаралық ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік біріншіліктің уақытын өзгертуіне 2020 жылғы Токио Олимпиадасының коронавирус пандемиясына қатысты бір жылға кейінге шегерілуі себеп болған. Халықаралық волейбол федерациясының күнтізбесіне сәйкес 2021 жылғы әлем чемпионаты биыл Италияның Рим қаласында өтуге тиіс болатын. 

Жағажай волейболынан әлем біріншілігі әр екі жыл сайын өтеді. Осыған дейінгі біріншілік Германияның Гамбург қаласында өткен. Әлем үздігін анықтайтын додада барлығы 130 000 жанкүйер жиналып, жалпы көрермендер саны 158 мыңды құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу