Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан Индонезияны ұтты

1028

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. 

Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан Индонезияны ұтты

Топтық кезеңдегі екінші кездесуде Қазақстан Индонезиядан басым түсті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Үш партияға созылған кездесуде қазақстандықтар 3:0 (25:19, 25:15, 23:17) есебімен жеңіске жетті. 

Құрлық додасындағы іріктеу кезеңінде Қазақстан F тобына түсті. Қазақстан командасының қатарында Жапония, Қытай және Индонезия бар. 

Топтық кездесуде Қытайға қарсы өткен ойында Қазақстан 0:3 есебімен жеңіліс тапқан болатын. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу